forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Бұқар Қалқаманұлы

«Алла» деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас

 

Бәйдібек Қарашаұлы

Тірлік басқа болса да – тілек бір,

Білек басқа болса да – жүрек бір

 

Қорқыт ата

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,

Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін295
mod_vvisit_counterКеше476
mod_vvisit_counterОсы аптада1316
mod_vvisit_counterӨткен аптада3018
mod_vvisit_counterОсы айда6801
mod_vvisit_counterӨткен айда7670
mod_vvisit_counterБарлығы360183

Казир сайтта: 8
Сіздің адрес 54.162.152.232
,
Күні: 2017-10-18
БАҚЫТЫН БАЛАДАН КҮТЕТІН ХАЛЫҚПЫЗ

БАҚЫТЫН БАЛАДАН КҮТЕТІН ХАЛЫҚПЫЗ

Асылы ОСМАН, Филология ғылымының кандидаты, профессор

Осы жылы наурыз айының басында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру мекемелеріндегі бірыңғай киім формасына қойылатын талаптарды бекіткен болатын. Аталған талаптар «білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған» деп көрсетілген. Бүгінде осы талаптарға қатынаста дін ұстанатын жекелеген азаматтар тарапынан сыңаржақ пікірлер білдірілуде. Мен де қоғам талқысына түскен осы мәселе төңірегінде өз ойымды білдіріп, оны халқымыздың қыз баланы тәрбиелеудегі өнегелі ұстанымымен байланыстыра қарауды мақсат тұтып отырмын.

 
ҚР ДІН ІСТЕР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ Н. ЕРМЕКБАЕВ: ДІНИ ДОГМАЛАР БАСҚАРТУҒА БОЛМАЙТЫН САЛАЛАРҒА ТАМЫР ЖАЯ БАСТАДЫ

Бүгінгі таңда діни мәселе қоғамдағы өзекті сұрақтардың бірі. Біздің қоғамды діни радикализм мен экстремизм проблемасы біршама алаңдатып отыр. Бұл бағытта мемлекет нақты шараларды қолға алып, діни саладағы ахуалды реттеуде жаңа бастамалар ұсынып отыр. Елдегі деструктивті ағымдардың қызметіне тыйым салына ма? Діни салада қандай өзгерістер күтіп тұр?

 
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ: ҚАРА КӨЙЛЕК КИІП, БЕТІ-АУЗЫН ТҰМШАЛАУ, ҚЫСҚА БАЛАҚ ПЕН ҰЗЫН САҚАЛ ҚОЮ БІЗДІҢ ДӘСТҮРІМІЗГЕ, ХАЛҚЫМЫЗҒА ЖАТ НӘРСЕ ЕКЕНДІГІН АЙТТЫ

Кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары М.Тәжин, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров, имамдар – К.Дүйсенбай, Н.Есмағанбет, Н.Ауысханұлы, А.Керімбек, Т.Оспан қатысты.

Елбасы қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан халқының өмірінде діннің ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекет тарапынан діни қарым-қатынастарды реттеу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

 
«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

КІРІСПЕ: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз. Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім.

 
ДІНИ САЯСАТТЫҢ САЛҒЫРТТЫҒЫ НЕМЕСЕ ҰЛТШЫЛДЫҚ ДІНШІЛДІКТІҢ ТАСАСЫНДА ҚАЛДЫ МА?

Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміз зайырлылық ұстанымын заң жүзінде бекітті. Дегенмен, бүгінде Қазақстанда  қалыптасқан діни ахуал көпшіліктің алаңдатуда. Көкейді мазалаған сұрақтардың бірқатарын белгілі ғалымдарға, қоғам белсенділеріне, теологтарға қойып едік.

1. Қазақ ұлтының руханиятындағы Ислам дәнімен көктеген діни танымдық қабаттарды, ұлттық дүниетанымды сауықтыру мақсатында аз іс-шара жасалмады. Бірақ  жат пиғылды діни ағымдарға қарсы «иммунитетті» күшейту бағытында, әсіресе, отбасы институтын нығайтуда қандай қам-қарекет назардан тыс қалып жатыр? Бұл мәселеге қоғамның, соның ішінде тұрғындардың әлі де бей-жай қарап отырғаны рас па?

 
ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ РУХАНИЯТ – ДӘСТҮРЛІ ТАНЫМ НЕГІЗІ

Адамзат қоғамына тән өзгермейтін құндылықтар мен ақиқаттар болады. Дара құндылықтардың қатарындазайырлылық та көптеген қоғамдарға ежелден етене тән болып келеді. Әр дәуірде ол алуан түрде көрініс тапты: кей кезеңдерде шашыраңқы ұстанымдар сипатында болса, кей дәуірлерде тұжырымдалған көзқарастар жүйесін құрап, мемлекет тұрпатына әсер етті.

Төл тарихымызға назар салсақ, сайын дала төсінде салтанат құрған мемлекеттердің ешбіріне зайырлылық қағидаттары жат болмағанын байқаймыз. Ата Заңымыздың 1-бабының 1-тармағында көзделген «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі қағидаттар қазақ даласының сан ғасырлық тарихи-рухани тәжірибесімен тоғысып жатыр.

 
МҰХАН ИСАХАН: АҚСАҚАЛДАР ИНСТИТУТЫНЫҢ РУХАНИ ОРНЫ ЕРЕКШЕ

– Мұхан аға, қазақ тарихындағы ел билеу жүйесінде ақсақалдар кеңесі институтының ерекше рөл атқарғаны белгілі. Осыны нақты деректермен түйіндеп бересіз бе?

– Қазақтың ел билеу жүйесі әлем елдерінің мемлекет басқаруымен салыстырғанда өзіндік ерекше тұрпатқа ие. Сол ерекшеліктердің бірі ақсақалдар институты десек қателеспейміз. Алла Тағала Құран-Кәрімде: «...сондай ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар етіп жараттық...», (Хужурат, 13) – дейді.

 
« ПерваяПредыдущая12345СледующаяПоследняя »

Страница 1 из 5


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.