forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

«Ата-ананы, мейманды құрметтесең, Меккедей нұрға толар уйдің іші»

Шал ақын Құлекеұлы

«Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіне, ізгі іс-әрекетіңе байланысты»

Әбу Нәсір әл-Фараби


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін175
mod_vvisit_counterКеше259
mod_vvisit_counterОсы аптада947
mod_vvisit_counterӨткен аптада2004
mod_vvisit_counterОсы айда7508
mod_vvisit_counterӨткен айда10272
mod_vvisit_counterБарлығы333278

Казир сайтта: 2
Сіздің адрес 54.198.205.145
,
Күні: 2017-06-29
Әбу Ханифа мен Имам Матуриди орта азиядағы мұсылмандықтың тірегі

1200 жылдан астам уақыт исламдық дәстүрмен өмір сүріп келе жатқан қазақ елі Әбу Ханифа мазхабы мен Матуриди ақидасы  негізінде қалыптасты. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз.

 
"Тәңіршілдік - Исламға қарсы болған жоба"

Деректерде тәңіршілдік хақында еш сөз жоқ. Мен VIII-XVIII ғасырлардағы парсы, араб, түркі-шағатай, ойрат тілдерінде жазылған деректерді зерттеймін. Олардың ешқайсысында тәңіршілдік туралы мәлімет жоқ. Егер біз XIV-XVI ғасырлардағы түркілердің мәдениеті,діні туралы сөйлейтін болсақ, сол  дәуірдегі деректерге сүйенуіміз керек. Ал ол деректерде тәңіршілдік хақында еш сөз жоқ. Керісінше, (прото)қазақтардың ХІІ ғасырдан Ислам қабылдағаны туралы айқын дерек, дәйекті пікір бар.

 
Діни экстремизм – қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет

Еліміз егемендікке қол жеткізгелі жиырма жылдан астам уақыттың жүзі болды. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастады. Халықаралық деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатын қабілеттілігін көрсетті. Әсіресе, тарих қойнауында жатқан рухани мұрамыз қайта жаңғырып, өзінің лайықты орнын тапты. Десек те, бүгінгі қоғамда алаңдататарлық келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Солардың бірі – мемлекетіміздің діни ахуалы.

 
Дәстүрлі құндылық және радикалды идеология

Адамзат қоғамының алғашқы кезеңінен бастау алып, ғасырлар бойы әртүрлі қоғамдарда түрліше көріністе жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтар жүйесі бар. Дәстүрлі құндылықтар дәстүрлі қоғаммен үндестікте – соның аясында қалыптасады, оның ішкі тұрақтылығына қызмет етеді және сол қоғам арқылы сақталады. Дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыруға қоғамның бірнеше буыны атсалысып, оларды қолдау және қолдану арқылы тұрақтандырады.

 
Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі

Орта Азия халықтары исламды қабылдағаннан кейін ғылым мен мәдениеттің қалыптасуына және ислам өркениетінің дамуына үлкен үлес қосты. Орта Азиядағы ғылым мен мәдениеттің іргетасы ислами құндылықтарымен сабақтасып, осы аймақта ислам дінін дәлел-дәйектерімен түсіндіретін атақты ғалымдар шыға бастады.

 
Қазақтың ақидасы – парасат немесе қазақ дүниетанымындағы Матуриди ақидасының орны (жалғасы)

Ислам нәрімен сусындағаннан кейін халқымыздың болмысындағы Жаратушыны ақылмен тану ғибраты айрықша тереңдеп, дүниетанымының ажырамас бөлігі ретінде қалыптасып, сайын далада таралған әрбір дін кітабында көрініс тапты. Жоғарыда аталған көне кітаптарды былай қойғанда, алдыңғы ғасырлардағы рухани ұстаздарымыз Абай, Ыбырай, Шәкәрімнің еңбектерінде де осы мәселеге ерекше мән берілген. Әсіресе Шәкәрімнің «Мұсылмандық шартында» «Иманның мағынасы» атты алғашқы бөлімнен кейін барлық ақида және фикһ мәселелерінен бұрын «Алла Тағаланың барлығын ақылменен ойлап білмек» және «Алла Тағаланың бірлігін ақылменен ойлап білмек» атты екі тарау қамтылып, Жаратушыны ақылмен танудың парыз етілу себебі тәптіштеп түсіндіріледі. Кітап соңына таман «Адам өзін таныса, Құдайды да танымақ» деген тарауда Шәкәрім бұл мәселеге қайта соғып, тұжырымдарын тиянақтай түскен.

 
Қазақ халқының дәстүрлі діні қайсы? (жалғасы)

Ислам әлемін X-ғасырдан бастап шарпыған тоқырау, XII ғасырда Ислам әлемінің бар өлкесіне таралды. Исламның рухани қуаты әлсіреп, материалдық байлық үшін, билік үшін талас шегіне жетті. Ислам әлемінің Батысы крестшілер жорғын бастан кешірсе. Шығысында Қарахандық мемлекеттер толығымен қарақытайлардың қоластына түсті. Бұған сол Исламдағы рухани тоқырау тікелей себеп болды. Билеушілер сыртқы жаумен емес, тақ үшін өздерімен өздері қырқысты. Ол кезеңді Қожа Ахмет Йасауи былайша сипаттады:

 
« ПерваяПредыдущая12345СледующаяПоследняя »

Страница 4 из 5


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.