forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

«Ата-ананы, мейманды құрметтесең, Меккедей нұрға толар уйдің іші»

Шал ақын Құлекеұлы

«Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіне, ізгі іс-әрекетіңе байланысты»

Әбу Нәсір әл-Фараби


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін19
mod_vvisit_counterКеше192
mod_vvisit_counterОсы аптада879
mod_vvisit_counterӨткен аптада1342
mod_vvisit_counterОсы айда3353
mod_vvisit_counterӨткен айда6354
mod_vvisit_counterБарлығы343392

Казир сайтта: 2
Сіздің адрес 54.166.174.48
,
Күні: 2017-08-19
Дінтану орталығының кұрылу тарихы

 

 

Қазіргі таңда Қазақстан қоғамында жастар арасында діни сана қалыптастыру өткір мәселесі өткір қойылып отырған белгілі. Бұл туралы Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа арналған дәстүрлі жолдауларында, жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде оның маңыздылығы аталып көрсетіліп келеді. Биылғы жолдауында да президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз.

Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс.

Әркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты.

Бүгінде, интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде болу керек.

Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек.»,-деп атап өткені белгілі.

Осы мәселеге байланысты және 2012 жылдың 24-қазандағы ҚР Білім және Ғылым министрлігі коллегиясының шешімдеріне сәйкес «Студент жастарды деструктивті сипаттағы діни ағымдардың ықпалынан қорғау жұмыстары» тақырыбы бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 2012 жылдың 27- қарашасында өткен Ғылыми кеңесінде «Дінтану орталығын» құру туралы шешім қабылданып, аталған орталық өз жұмысын бастады.

 


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.