forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

«Ата-ананы, мейманды құрметтесең, Меккедей нұрға толар уйдің іші»

Шал ақын Құлекеұлы

«Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіне, ізгі іс-әрекетіңе байланысты»

Әбу Нәсір әл-Фараби


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін19
mod_vvisit_counterКеше192
mod_vvisit_counterОсы аптада879
mod_vvisit_counterӨткен аптада1342
mod_vvisit_counterОсы айда3353
mod_vvisit_counterӨткен айда6354
mod_vvisit_counterБарлығы343392

Казир сайтта: 2
Сіздің адрес 54.166.174.48
,
Күні: 2017-08-19
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ: ҚАРА КӨЙЛЕК КИІП, БЕТІ-АУЗЫН ТҰМШАЛАУ, ҚЫСҚА БАЛАҚ ПЕН ҰЗЫН САҚАЛ ҚОЮ БІЗДІҢ ДӘСТҮРІМІЗГЕ, ХАЛҚЫМЫЗҒА ЖАТ НӘРСЕ ЕКЕНДІГІН АЙТТЫ

Кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары М.Тәжин, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров, имамдар – К.Дүйсенбай, Н.Есмағанбет, Н.Ауысханұлы, А.Керімбек, Т.Оспан қатысты.

Елбасы қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан халқының өмірінде діннің ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекет тарапынан діни қарым-қатынастарды реттеу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

– Мемлекет бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Проблемаларға талдау жасап, осы салаға қолдау көрсететін арнаулы министрлік құрдық.

Жақында мен тарихи және рухани байлығымызды сақтай отырып, оны арттыру, сананы жаңғырту қажеттігі туралы мақала жарияладым. Патриотизм, отанды сүю, ел ішіндегі және өңірлердегі тұрақтылық – біздің болашағымыз. Сол үшін біз бірлесе жұмыс істеуге тиіспіз, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев цифрлық технологиялар дамыған дәуірде Қазақстан өзінің ұлттық құндылықтарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес жүргізу қажеттігіне назар аударды.

– Қазақстанның аумағы ұлан-байтақ және табиғи қазба байлық пен ресурстарға бай екені баршаға белгілі. Осының бәріне қызғанышпен қарайтындар да бар. Олар – бізге қастық ойлап, қоғамымыздың ынтымағын бұзуға тырысушылар. Халқымыздың арасына теріс діни ағымдарды енгізу бізге сырттан ықпал етудің бір тәсілі болып саналады. Соңғы уақытта осындай үрдіс байқалып отыр. Біз мемлекеттігімізге қауіп төндіретін кез келген құбылыспен күресуге тиіспіз. Сондықтан сіздердің алдарыңызда зор міндеттер тұр, – деді имамдарға арнаған сөзінде Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары дәстүрлі түрде ханафи мазхабын ұстанатынын, исламның осы бағытының негізін түсіндіруге машықтанған мамандар даярлау қажеттігін атап өтті.

– Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында 3800 имам жұмыс істейді. Олардың жартысы діни сауаттылықты арттыру курстарынан өткен. Алайда, мұның жеткіліксіз екенін айта кеткен жөн. Бізге осы салада жұмыс істейтін имамдар мен мамандардың білім деңгейін арттыру жайын ойластыру қажет.

Оқыған имам ғана дұрыс білім бере алады. Ол өз дінін терең танып, өзге діндердің ерекшеліктерін зерттеп, басқа да білімдерді игерген адам болуға тиіс. Имамдар шешендік өнерді, адам психологиясын меңгерген идеологтарға айналуы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті «Нұр Мүбарак» университетінің жұмысымен және оны бұдан әрі дамыту жоспарымен танысты.

Елбасы жас ұрпақтың діни сауатсыздығына айрықша назар аударды.

– Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мәдениетінің тарихына, қазақ әйелдерінің дәстүрлі киіміне тоқталып, қара киім мен дін арасында ешқандай байланыс жоқ екенін айтты.

– Егер жастарымыз халқымызға жат уағыздарға ерсе, мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Біз бұған жол бермейміз. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, ұлтымыз тату болып, еліміз зайырлы мемлекет ретінде одан әрі дамуға тиіс. Біз өзіміздің игі мақсатымызға қарсы шыққандарға көне алмаймыз. Бұл – мемлекеттік аппараттың ғана емес, барша Қазақстан халқының, оның болашағының мүддесі, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы халық арасындағы діни сауаттылықтың маңыздылығын атап өтіп, имамдардың өз қызметі барысында патриоттық тәрбиеге ден қоюға тиіс екендігіне назар аударды.

– Нағыз мұсылманды киген киімінен емес, ішкі иманынан таниды. Кімнің жүрегінде сүйіспеншілік болса, соның иманы бар. Біз өркениетті әлемге қарай қадам басып, ғылым мен білім есігін ашуымыз қажет. XVIII-XIX ғасырларға дейін мұсылман дүниесі бүкіл әлемде көшбасшы болды. Ол ғылымның қайнар көзі, философтардың, дәрігерлер мен жазушылардың отаны болды. Қазір біз бұл жағынан көшбасшылық орнымыздан айырылып қалдық.

Бүгінде азаматтарымыз интернет арқылы түрлі мәліметтер алады. Осылайша, дәстүрлі емес ағымдардың да уағызын тыңдап жүр. Ол үшін түрлі әдістер мен технологиялар қолданылуда. Біз де олармен күрес жүргізу үшін ақпараттық технологияларды қолдануымыз керек. Қажет болған жағдайда, мемлекет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қолдау көрсетуге дайын.

Мен өзімнің мақаламда «Туған жер» бағдарламасына ерекше көңіл бөлдім. Ол бізге әр өңір, әр елді мекен туралы мол мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Әрқайсымыздың жүрегімізде патриотизм болуға тиіс. Осы орайда өз уағыздарыңызда Отанды сүю тақырыбына айрықша көңіл бөлулеріңізді сұраймыз, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі ойларын ортаға салды.

 

http://ult.kz/post/nazarbaev-kyska-balak-pen-sakal-koyuga-tyyym-salu-kerektigin-aytty-video

 

Пікірді қалдыру


Қорғаныс коды
Жаңарту



Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.