forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Бұқар Қалқаманұлы

«Алла» деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас

 

Бәйдібек Қарашаұлы

Тірлік басқа болса да – тілек бір,

Білек басқа болса да – жүрек бір

 

Қорқыт ата

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,

Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін295
mod_vvisit_counterКеше476
mod_vvisit_counterОсы аптада1316
mod_vvisit_counterӨткен аптада3018
mod_vvisit_counterОсы айда6801
mod_vvisit_counterӨткен айда7670
mod_vvisit_counterБарлығы360183

Казир сайтта: 9
Сіздің адрес 54.162.152.232
,
Күні: 2017-10-18
АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ: ЖЫЛЫ-ЖЫЛЫ СӨЙЛЕСЕҢ, ЖЫЛАН ІНІНЕН ШЫҒАДЫ

Дәстүрлі емес ислам және мемлекет  саясаты

Қоғам  тұрақтылығына діни  фактордың ықпалы екі түрлі: бір жағынан, қоғамның тұтастығына жағдай жасайды, екінші жағынан, ел тұтастығына қауіпте тұғызады. Жастардың бірқатары бүгін салафизмге шалдығып, қарулы қақтығысқа дейін барып жүр.

Салафизмнің себептері

Әр нәрсенің себебін аңықтау- оны жеңудің жолы. Ал себептер көп: интернет арқылы ауыздықтау, исламның қастандыққа бейімдігі, сырттағы теріс ағымдардын енгізу,  әлеуметтік экономикалық жағдайлар (кедейшілік, жұмыссыздық). Сөз жоқ, олардың азды-көпті ықпалы бар, бірақ олар  радикализмнің толық дәлелі бола алмайды.  Мысалы, қазақ ауылы жаппай кедей, жұмыссыз  деу шындыққа сай емес. Ауылда кіші бизнес, кейде  көлеңкелі  сипат  алса да, дамып келеді. Онда  дәулетті, орта  және кедейлер бар, бірақ  қайыршылар, қаңғыбастар  жоқтың қасы. Ауылда  қисайып құлап тұрғын үйлер де азайды.

Радикализм ислам дінімен де байланысты емес. Наразылық көңіл күй болса, ол  басқа себептерге байланысты.  Кейде ислам жиһад жасаушы террорист жұмаққа барады дейді, сондықтан мәңгілік рахат қа бөлену үшін кейбір жастар құрбан болуға дайын деп те  айтады.  Дегенмен мынандай белгілі мысалдар бар. Буддистер елі Шри-Ланкеде 1987 жылдан 2002 жылға дейін сепаратистер, негізінен 15 жасқа дейінгі балалар мен жас  өспірімдер, 170 рет өздерін жарып тастаған. «Тамил-Илам Жолбарыстар қозғалысы» балаларды өлімшіге айналдырды. Ислам идеологиясына  үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бұл қозғалыс социалистік мемлекетті құру үшін күресті. Осы тұрғыдан радикалданудың Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ерекше келбет алуын түсіндіру оңай емес.

Салафизм Қазақстандық қоғамындағы маңызды өзгерістермен байланысты. Біріншіден, тәуелсіздік алғаннан кейін экономикалық реформалар, жекешілендіру салдарынан  қалыпты  әлеуметтік тұрмыс қарқынды   жаңалыққа ұшырады, кеңшар, ұжамшарлар тарады, көптеген зауыт пен фабрикалар жұмысын тоқтатты, қоғамдық ұйымдар  да ыдырады, әркім  өзінше күн көрді. Балапан басына,  тұрымтай тұсына кетіп, ауыл қалаға көшті. Ауыл адамына қаланың  ортасы бөтен, қорқынышты, ал қалалықтар «біз» бен «олар» деп бөлінді. Бұрыңғы қатынастарды реттейтін тетіктер, бақылау жойылып, адамдар арасындағы жаңа қатынастарды реттейтін нормалар әлі  қалыптаспады, қылмыстық етек алды. Социология ілімінде бұл құбылысты аномия, немесе,  заңсыздық дейді.  90 –шы жылдары Н.Назарбаев та бұл  мәселе туралы мақала да жазды.

Екіншіден, жаңа  заманда кеңестік тәрбие, кеңестік құндылықтар  жоққа шығарылды, олар тіпті жастардың жаңа заманға  бейімделеүіне зиянды деп танылды. Осылай ұрпақаралық байланыс үзілді.

Еңбек адамдары, интеллигенция өкілдері, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері бұрыңғы рухани  беделдерінен айырылды. Қалай  табылғанына қарамастан, беделдің  көзі байлық болды. Бұл жастардың наразылығын тудырды, себебі олардың да  осу жолында қиындықтар туды. Осыдан келіп жастар арасында абыржу, күйзелістен шығу жолдарын іздеу басталды.

Үшіншіден біздің бүгінгі өміріміздің  тағы бір ерекшілігі- ол  беймәлім, дүдәмал  жағдайлардың көптігі. Ауылдық жерде, мысалы,  табыстың көзі-мал  ұрлығының көбеюі, дер  кезінде қажетті медициналық көмек ала алмау,  экстремист  деп мемлекеттік органдардың  күдігі мен қысымы, табиғи апат, жұмыссыз қалу және  тағы басқалар ертеңгі күнге сенімсіздік туғызады. Адамдар ұзақ мерзімге болжау жасауға  қорқады, мәңгілік өмір мәселесі көп  алаңдатады («мүмкін ертең өлерсің, он жылдығынды ойлау неге қажет» дейді). Ислам, басқада діндер діннің барлық  қағидаларын  орындаса жұмақтың есігі ашық дейді. Осыдан тұрақты өмір тек  ол дүниеде, бұл  өмір өткінші деген пікірді талай  естіп жүрміз. Айналып келлгенде, бұл психология осы өмірдегі белсенді іс-амалдың құндылығын кемітеді. Ал ұрпақтар сабақтастығының үзілуі дін жағынан сауатсыз әке-ана, ата-әженің беделін түсірді, олардың орнын жалған «әулиелер» басты.

Осылай таза су  болмағандықтан жастар  лай суға тап болып, дәстүрлі емес ислам идеологтарының ықпалына түсті. Бұл идеология адамның іс-қимылын егжей-тегжейлеріне дейін реттеп, өмір салты мен қылықтарын қалыптастырады. «Жаратушы бәрін көріп отыр, одан ештеңе жасыра алмайсың»-дегенді жиі естиміз.

Төртіншіден, мешіт бүгін  әртүрлі бағыттағы мұсылмандардың табысатын, ықпалдасатын, пікірлесетін орынына айналды. Кедей де, бай да, қайыршы да  мешітте бірдей, барлығы бір-біріне бауыр, барлығы да бірдей құрметті,  Алла алдында айырмашылықтары жоқ, бір жамағат. Бұл қауымдастық наразалық көңіл күйді қолдайды, материалдық байлыққа құрылған, жемқорлық пен кландық жүйеге негізделген қоғамды мақұлдамайды және оған  әділеттікке негізделген шариатқа үйлесімді мұсылман мемлекетін  қарсы қояды. Кейде  оны негіздеуге басқа да уәждер айтылады. Шариат-ол Жаратушыдан. Ал біздің  парламент қабылдайтын заңдар тез өзгереді, нақтыланады, толықтырылады және олар жұмыс істемейді де. Сондықтан, айырмашылық жер мен көктей. «Зайырлы заңдарды  өздері қабылдап, өздері бұзады»- дейді мұсылман мемлекетін жақтаушылар.

Сонымен, бұл дәстүрлі емес исламды қолдаушыларды ақтау үшін емес, әртүрлі діни ағымдар сырттан келгендер емес, еңалдымен біздің қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарынан туындайды. Бірақ бұл  салафизм  сақтала береді және оған балама жоқ дегенді білдірмейді.

Дәстүрлі емес исламды таңдаудың астарлары

Бізде  мемлекетке жағымды, дәстүрлі ұлттық құндылықтарды, мәдениет пен әдет-ғұрыптарды сыйлайтын дін деп дәстүрлі исламды атайды. Негізінен салафизм деп аталып кеткен дәстүрлі әдет-ғұрыпқа оң көзбен қарамайтындарды дәстүрлі емес  ислам дейді. Осыдан дін саласындағы саясат  дәстүрлі исламды қолдауға, ал салафизмен ымырасыз  идеологиялық күреске бағытталған. Бұл ұстаным  қалыптасқан жағдайға тым жеңіл-желпі қарап, бұл салада кесімді байлам   жасайтын мемлекеттік органдарға дұрыс бағыт- бағдар  бермей отыр.

Қазақтар үшін дәстүрлі ислам деген ұғым да  бұлдыр, нақты емес. Қазақтардын басым көпшілігі суниттер мен шиитерді, мазхабтарды айыра бермейді. Ханафи мазхабына жататындарын сезінбейді, еліміздегі басқа мазхабтар барлығынан да  мәліметтері тапшы. Әдет-ғұрып жағынан ханафи мазхабтағылардың арасында үлкен ерекшіліктер бар, бірақ олар мәдени ерекшіліктерді сыйлайтын, байсалды ұстанымдағы дәстүрлі исламдағылардың тұтастығына көлеңке  түсірмейді. Қазақстан мұсылмандары үшін ислам ең алдымен мәдени, ұлттық құндылық, дәстүр, сосын барып сенім. Дін  мен ұлттық құндылықтар қазақтар дүниетанымында үйлесім тапқан.

Сонымен бірге дәстүрлі емес исламды   да саралап  бағалау дұрыс, себебі ол ағымдағылардың көзқарастары мен өмірлік ұстанымдары біркелікі емес. Ғылыми қауымдастық пен саясаткерлер дәстүрлі емес исламды саяси  емес ислам және саяси ислам деп бөледі. Біріншілері жеке тұрмыста сыртқы көрінісімен, әдептерімен, басқалармен аралас- құраласымен ерекшеленеді.  Бірақ олар мемлекетке қарсылық білдірмейді, билікке ықпал жасауға ұмтылмайды. Алланың алдында өз отбасының, жақын- туыстары үшін парызын мойындайды.

Саяси ислам, оны кейде исламизм дейді, болашақта ислам- мемлекеті-халифат орнату үшін күреседі. Олардың қатарында күресті бейбіт жолмен жүргізуді қолдайтындар, болашақ демографиялық өзгерістерге байланысты мұсылмандар әлемде  сан жағынан басым болғанда ғана өз билігімізді жүргіземіз дейтін байсалдылдылар да бар.

Байсалдылар мен қатар  жиһадшылар, «дінсіздерге» қарсы қарулы көтеріліске  шақыратын дар  бар. Олардың арасында да бейбіт халықты өлтіруді қолдамайтындар жоқ емес.  Бірақ қастандықпен адам өлтіруді игі іс және басқа да күш жұмсау керек дейтіңдер бүгін баршылық. «Ислам мемлекеті» («ДАИШ») ұстанымы  соның көрінісі.

Осы  жағдайлардан дәстүрлі емес діндегілердің барлығын экстремистерге жатқызудың қаншалықты жөні бар деген  сауал туады. Егер ҚР  конституция талаптарына жүгінсек, оған қайшы келетін қарулы күреске бейімді жиһадты қолдаушылар. Ал бейбіт, байсалды салафиттердің де іс- әрекеттерін қазақстандық заңдылық тұрғысынан бағалау жөн. Қазақстанда танылған  идеологиялық және саяси әр- алуандық тұрғысынан болашақта халифат орнату заңға қайшы емес. Өз болашақ мақсат - мұраттарын коммунистер де, экологтар да, басқалар да насихаттайды.

Ислам дін саласында «үлкенге», шейхқа, имамға бұлжытпай бағынуды талап етпей жас ұрпаққа  құндылықтар мен өмірдің мәнін өзбеттерімен  таңдауға, әдепттерге кең мүмкін береді.

Әртүрлі діни ағымдар тараған ортада дінге  қызығушылық танытқан жастар бір ағымды  таңдаудың алдына тұрады. Таңдауға көптеген факторлар әсер етеді. Ол әлеуметтік ортаға, әртүрлі мұсылмандармен араласуына, имамның беделіне, интернеттегі ақпаратқа  байланысты. Сонымен бірге олардың тәрбиесінің, білім деңгейінің, отбасының, ата-аналарының, киеуінің және әйелінің ықпалының да орны бөлек.

Қылмыстық орта зорлық - зомбылыққа бейімдейді. Құқық қорғау органдарының  негізсіз күдігі, үнемі бақылау, «сырласуға» шақыруы да жастарды сыртқа теуіп, радикалдық ағымға итермелейді. Егер жас жігіт дін мәселесіне байланысты ата- анасымен келіспей, әлеуметтік әділетсіздікпен бетпе-бет келіп жүрсе, ол дәстүрлі емес ағымға өтуі мүмкін.

Жас өспірімдердің психологиясына байланысты тағы  бір жағдайды ескерген жөн. Оларға қарсылықты батырлыққа, ержүректікке теңеу тән. Жастар, әсіресе, студенттер экстремистерге ниеттес болып қана қоймай, оларды әділетсіздікке қарсы күрескерлер деп қабылдап, үлгі тұтуы, еліктеулері де мүмкін. Оның  үстіне сыртқы  түрімен ерекшелінген жастарды біз ресми  өмірден шеттетіп, қарсы жақа қарай итермелейміз, олардың колледж, жоғары оқу орны бітірген дипломдары болса да жұмысқа орналасуы қиын. Сондықтан олар радикалдардың ортасында, өзге құндылықтарды мақұлдайтындардың арасында өздерін танытады. Мұндай көңіл-күй, әсіресе, бейбіт қарсылық білдіруге мүмкіндік жоқ жағдайда ашық көрініс алады.

Салафизмге  күшпен әсер ету уақытша мәселені шешер, қарулы қарсылықтың бетін қайтарар. Бірақ  террористерді күшпен  басу  психологиялық жағынан қарсылықты өршітеді, жаңа  жақтастардың  пайда болуына себепкер болады, олар  өш алу үшін жаңа сылтаулар табады. Екінші жағынан, өш алушылар жақын жуықтары террордан қаза болған халықтың арасында да көбейеді. Осылай қоғамды араздық пен үрей жайлайды, адамдардың көңіл-күйі зорлық-зомбылыққа бейімделе береді.

Саясат басымдықтары

Қазақстанда мұсылман мемлекетін  орнату  мүмкін еместігін  радикалдар біледі. Бірақ қарсы тұру, қасарысуды қажет деп есептейді, билік сол  күнде ғана санасады деп ойлайды. Биліктің соңғы кезде теміржол және өзен порттарында, аэропорттарда намаз оқуға рұқсат беруін өз беделдерін өсіруге пайдалануда.

Ең алдымен, мемлекеттің заңын орындайтын, сонымен бірге дәстүрлі емес ислам өмір салтын және  зорлыққа  сүйенбейтіндерге  мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары жағынан төзімділік пен орынды құрмет сезімін көрсету жөн. Біржақты тек ресми  исламды қолдау дәстүрлі емес ислам өкілдеріне қарсы әрекет жасау әртүрлі радикалды бағыттармен күресте тиімді емес. Қазақстан мұсылмандар Дін Басқармасының саясаты басқа мазхабтармен, дәстүрлі емес ағымдармен қарым - қатынасты  шиеліністіруге емес,  тіл табысуға, қайшылықты басуға негізделуі тиіс. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», дейді қазақ.

  1. Бар күшті әр түрлі көзқарастағы жастарды, әсіресе, шет елдерде білім алып, радикалдардың ықпалында  болғандарды елге оралғанда ұлттық рухани  құндылықтарға бейімдеуге жұмсау керек.
  2. Қарама - қайшылықтар асқынып қиындай түспеу үшін бүгін екі жаққа беделді адамдарды, ардагер-афгандықтарды, депутаттарды, мәдениет қайраткерлерін  бәтуа, токтамға, келісімге пайдалану жөн.
  3. «Ызалы адам ғана мейірімсіз емес, ызаландырған адам да мейірімсіз» деген сөз бар. Бүгін күштілік құрылымдар қызметін қатаң бақылауға алмай болмайды. Өз лауазымдық құқын асыра сілтеу жазалануы тиіс.  Колонияларда сотталғандардан экстремизмнен бас  тарттым деп қолхат алу үшін ұрып соғуды айтпағанда, қорқыту, «сақтық» мақсатында қысым жасау жағдайлары жиі кездеседі. Күштік құрылымдар қызметкерлері заңды сақтауға, әдептілікке мүдделі болуға тиісті, себебі заңсыз зорлық-зомбылықтан  ең алдымен өздері жапа шегуде.
  4. Дәстүрлі емес ислам өмір салтын ұстанатын, ерекше киінетін, әсіресе, қарсылық көрсететін топтарға қосылмайтындарды қудалауды шектеу амалы бүгінгі жағдайда  көкейге  қонымды.
  5. Бизнеспен айналысатын салафиттерге қысым жасауға болмайды, олар радикализмге аса бейімді емес. Ал күнкөрісінен айырылса, аянатын еш нәрсе қалмайды, көз жұмып радикализмге  кетуі мүмкін.
  6. Дәстүрлі емес исламдағы жастарға зайырлы жастармен бірдей білім алуына және жұмысқа орналасуыңа мүмкіндік болғаны дұрыс. Бұл олардың дүниетанымына және азаматтық жетілуіне ықпал етеді.
  7. Дәстүрлі емес ағымдағы жастарды қоғамдық рухани шараларға, «Жасыл ел» бағдарламасына, экологиялық игілікті бастамаларға, көркем өнерпаздар қызметіне, діни және зайырлы елдін маңызды мерекелеріне үнемі белсенді араластыру азаматтық сана-сезім қалыптастырады.
  8. Ислам туралы дөрекі кеңес атеизмінің таңылған жөнсіз, ұшқары пікірлерінен арылып, жастарды исламның адам өмірінің барлық саласына байланысты кісілік құндылықтарымен таныстыру бүгінгі күннің өткір мәселесі.

Демек, дін саясатында мемлекеттің басымдықты өзгертуі анағұрлым тиімді болады. Қоғамдық келісімге сәйкес дәстүрлі исламды қолдаумен бірге дәстүрлі емес исламның байсалды өкілдеріне көзқарасты қайта қарау жөн. Дәстүрлі емес ислам өкілдері төңірегінде жағымсыз пікір қалыптастырып, оларды құдалауға шақыру және оларды ымыраға келмейтіндермен теңдеу мұсылман қауымдастығы арасындағы жікті асқындырады. Ал олардың арасындағы бейбіт жолды таңдағандарды саралап, екшеп бағалап  қатынас орнату зорлық-зомбылыққа бейімділердің ықпалын шектейді.

Егер байсалдыларға қысым жалғаса берсе, олардың көпшілігі ымыраға  келмейтіндердің қатарына қосылады, шет елге кетеді, жастарды өздеріне тартады, бір сөзбен айтқанда, жағдай шиеленісе береді, радикалды көзқарастағылардың ықпалы өседі.

Дәстүрлі емес ислам өкілдері өз тағыдырына, отбасының, жақын жуықтарының, ұлтының болашағына  бей-жай қарамайды. Олардың  басым  көпшілігі елдің білімі, мәдениеті, рухани дамуына, келісімге мүдделі. Әрине, олардың бірқатары бұл құндылықтарды өздерінше түсінеді. Қоғамның мақсаты оларды шеттету емес, пайдалы іске тарту.

Дін саласында  мемлекеттің саясаты нақтыланып, Қазақстан Мұсылмандар Дін Басқармасы да дәстүрлі емес діндегілердің барлығына бәсекелестер деп қарамай, ұстанымдарын аңықтаса, біз елімізде дінішілік келісімге келеміз, болмаса қақтығыстар  жалғаса беріп  тұйыққа тірелеміз. Бұл оңай жол емес екені белгілі. Дегенмен ұлы Абай айтап па еді: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деп.

Abai.kz

 


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.