forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

«Шешен жігіт – дүрмен тең, Иманды көңіл – нұрмен тең, Іс бітірмес надандар – жүз болса да, бірмен тең»

Шал ақын Құлекеұлы

«Алла» деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас» «Діл мұсылман болмаса, тіл мұсылманнан не пайда?»

Бұқар Қалқаманұлы


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін309
mod_vvisit_counterКеше324
mod_vvisit_counterОсы аптада1754
mod_vvisit_counterӨткен аптада4212
mod_vvisit_counterОсы айда10905
mod_vvisit_counterӨткен айда9835
mod_vvisit_counterБарлығы302378

Казир сайтта: 6
Сіздің адрес 50.16.122.200
,
Күні: 2017-03-25
ҚАЗАҚҚА ОРЫНСЫЗ ТАҒЫЛҒАН ЕКІ КІНӘ

– Кейбіреулер қазақ жалқау дейді. Бұған сіз қандай

көзқарастасыз?
– Бұл түбірімен қате пікір. Қазақ ешуақытта жалқау болып 
көрген емес. Оны жалқау дейтіндер ақылды надандар емес, ақылсыз надандар!
Қазаққа – көшпенді, жалқау деп орынсыз тағылған екі кінә бар. Екеуі де – оттауизм. Қазақ ешуақытта көшпенді болған емес, қазақ – отырықшы. Ол сығандар секілді бір елден екінші елге көшіп жүрген жоқ қой. Өз жерінде малдың ыңғайына қарай жаз жайлауына, қыс қыстауына қоныс аударғанды сендер көшпенді деп оттап жүрсіңдер. Бұл тарих кешірмейтін қателік. Екінші, қазақ жалқау болса, мал баға ма? Мал – оның өмір сүрудегі ең негізгі көзі. Ол ғасырлар бойы өзін ғана емес, көрші елдердің халқын да етпен қамтамасыз етіп келді. Малды өсіру, егін салу, балықты аулау жалқаудың қолынан келе ме?

 
Уаххабиліктің ТМД аумағындағы халықтарға таралу тарихы

Қазіргі күні бір Қазақстан емес, Евразия кеңістігін мекендеген мұсылман халықтарының басына түскен басты нәубет – діни экстремизм десек жаңылыспаймыз. Діни радикалды топтардың пайда болуының себебі не? Қашаннан бастап бұл идеологияға негіз қалана бастады? Неліктен діни экстремистік топтардың жетегіне жас буын өкілдері тез түседі? Осы сұрақтарға жауап берілмейінше біз  бұл мәселені шешу жолдарын таптық деп айта алмаймыз. Біз осы мақала шеңберінде мүмкіндігіміз келгенінше жауап бергенді дұрыс көрдік. Ол үшін Евразия кеңістіне ислам дінінің таралу тарихына қысқаша шолу жасағанымыз абзал.

 
Қазақ зиялылары және Ясауи танымы

Қазақ сахарасы тұнып тұрған тарихи мекен шежірелі өлке. Шығысында Алтай мен Жоңғар таулары,  батысында Орал тауларымен Жайық өзені, оңтүстігінде Тянь-Шянь мен Қаратау таулары,    солтүстікте Ертіс өзенімен жалғасып жатқан кең атыраб ата қоныс ұлы қазақ даласы.

 
ХХ ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс

Жаңа заманда басталған империалистік елдердің шикізат алу көзі мен товар өткізу рыногы ретіндегі отар елдерге деген қызығушылығы, Түркістанды да ірі мемлекеттердің бәсекелестік күрес аренасына айналдырмай қоймады. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында аяқталған ірі державалар арасындағы әлемді бөлісу процесі, әлемдік өркениеттің үлкен бір бөлігін құраған Тұран елі – Түркістан өлкесін де отар елге айналдырып тынды. 1863-1864 жылдары полковник Черняевтің жасақтарының жасаған әскери қимылдары нәтижесінде тұтастай Түркістанның, сонымен бірге қазақтың Ұлы жүзінің Ресейге қосылуы аяқталды.

 
Рух тарихы – ұлт тарихы

ҚР Дін істері агенттігі Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының бастығы, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызымен сұхбат.

 
Неке жауапкершілікті талап етеді

Қазіргі қоғамымызда ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Еліміздің болашағы жастардың қолында деген сөз күнде айтылса да, сол жастардың отбасына деген жауапкершілігі азаюда. Қазақ тілінің сөздік қорында кездесетін «адал неке», «ақ неке», «адал жар» деген қасиетті ұғымдардың мәні мен маңызын жете түсінбей жүрген секілдіміз.

 
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Ислам дінінде, мұсылман халықтарында екі үлкен мереке бар. Бірі – 30 күн Ораза айт мерекесі және одан 70 күннен кейін келетін Құрбан айт мерекесі. Мұсылман күнтізбесі бойынша Зул-Хиджа айының 10-күні Құрбан айт мерекесі. Үш күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Қазақ мұсылман халқы үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесі биылғы жылдың қазан айының 15-күніне орай сәйкес келеді.  Құрбан айт деген сөздің араб тілінде «ийд-уль-Адха» делінеді. Құрбан сөзі «жақындау» деген мағынаны білдіреді.

 
Қазақ ақын - жыраулар поэзиясындағы сопылық діни сарымдар

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде діннің алатын орны ерекше. Өйткені, дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтиды. Ортағасырда мұсылман мәдениетінің дамып-өркендеуіне түркілердің қосқан үлесі аз болған жоқ. Ислам дінінің ортағасырлық түркі әдебиетіне тигізген әсері, оның сол заманда өмір сүрген ақындардың шығармаларында көрінісін тапқан. Сондай-ақ дәстүрлі түркілік дүниетаным өзінің болмысын бүгінгі таңда да синтез немесе симбиоз түрінде сақтап келген. [1]

 
Әшірбек Мүмінов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі, исламтанушы, тарих ғылымдарының докторы: Сириядағы жиһадшы қазақтар жайлы мәлімет – кезекті арандатушылық

– Әшірбек аға, әңгімемізді қоғамды дүр сілкіндірген Сириядағы қазақстандық экстремистер туралы оқиғадан бастасақ. Жалпы саны 150 адам отбасы, бала-шағасымен бірге, жиһад жасаймыз деп Сирияға аттаныпты деген суыт хабар бүгінде қызу талқыға түсуде. Сіздің ойыңызша, бұл шындыққа жанасатын жайт па немесе кезекті бір арандатушылық па?

 
Исламдағы сопылық және оның негіздері

Соңғы жылдары Қазақстанның ғылыми ортасында да, қарапайым халықтың арасында да әр алуан пікір қайшылықтарына, тіпті кейде ғылыми дау-дамайға да негіз болып жүрген діни ұғымдардың бірі – сопылық. Бұл кейде «сопылық жолы» немесе «сопылық ілімі» деп аталады. Тек Қазақстанда емес, дүние жүзінде де сопылық ілімі тұрғысында бір-бірінен алшақ немесе мүлдем керағар пікірлер ғасырлар бойы жалғасып келеді. Сондықтан болса керек, әлемнің, әсіресе, тарихи жолы Ислам дінімен тамырласып жатқан елдерде сопылық ілімі ғылыми айналымға ертерек түскен. Бұл тақырып – Исламның ғылыми әлемінде өте маңызды, өзекті, ауқымды сала. Бұл салада докторлық, кандидаттық, магистрлік диссертациялар, монографиялар жазылған. Ал, қазақ ғылымында сопылық деген не, оған мұсылман ғалымдары қандай анықтама берген, оның діни-идеялық түбірлері қайсы деген секілді сұрақтар әлі де өз деңгейінде арнайы ғылыми нысанға айналмай жүргені анық.

 
Қазақ руханиятының мәйегі – дәстүрлі ислам діні

Ислам дінінің адамзат дамуындағы жасампаздық рөлі орасан зор. Өйткені күллі адам баласын азып-тозудан, адами қасиеттен айырылуынан құтқарып қалған соңғы кәaміл дін ислам діні екені дау­сыз. Бұрынғы христиан, будда діндерінің киелі кітаптары, тарихи миссиялары жұмыр басты пенделер тарапынан бұрмалауға ұшы­ра­ғаны мұқым елге мәлім. Жалпы, діннің шынайы миссиясына бөгет болғысы келетіндер арамызда жетерлік. Бұл діннің шынайы-жал­ғандығын ажыратуға көп қиындық келтіреді. Ал адам баласына пай­ғамбарлар арқылы жіберілген діндерсіз әлемдік дамуды, саясатты, қоғам­дық-мәдени өмірімізді елестету мүмкін емес.

 
« ПерваяПредыдущая12345СледующаяПоследняя »

Страница 1 из 5


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.